
Х. А. ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ

ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕП
Мектеп тарихына үңілер екенбіз білім ұйымының өсіп өркендеуі,білімді шәкірттері, білікті ұстаздарымен танылуы барысында сол мекемеде өшпейтін із қалдырған көптеген оқиғалар да жеткілікті. Бұларды еске түсіру үшін зейнеткер ұстаздарымыздың көмегіне, ауыздан-ауызға жетіп келген мәліметтерге сүйенеміз.
Біздің мектебіміздің де басқа ұйым немесе ұжым сияқты өзінің бай және өзгеше тарихы бар. Мектеп болып бой көтергеннен бастап, сынып қабырғаларында мыңдаған оқушы білім алды, ал көп ұстаздарымыз өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып кетті. Осы білім ордасына аянбай 35-40 жыл өз еңбектерін арнап кеткен ұстаздарымыздан Рахимов Фарход, Абубакиров Айниддин, Усманқулов Абдурахмон, Ходжаев Вохид, 24 жыл директор болып мектеп тізгінін ұстаған Шомухтаров Зайниддин ағаларымыздың көмегіне жүгіндік.
«Қариялар сөзі-ақылдың көзі» деп бекер айтылмаса керек, бұл кісілердің айтқан әрбір сөзі біз жастар үшін, мектеп үшін үлкен бір тарих. Бұл кісілер мектепте өткен оқиғаларды еске алғанда, қаншама толқып, қаншама қуанып, жүздеріне қаншама күлкі ұялады десеңізші!?
Қай кезеңде де адам есінде қаларлық оқиғалар болады. Ол сенің жүрегіңде ерекше орын алады. Әр оқиғаның өзінше ерекшелігі болады. Сол кезеңдердегі оқиғалардың жай-жапсарын тереңірек білу мақсатында ұстаздардың ұстазы болған Рахимов Фарход ағайдың үйіне арнайы барған болатынмын. 80 жасты алқымдаған қарт ұстаз осы күнге дейін ілім-білім жолында тынбай ізденіп жүретін және бір жаңалықтың ашылуын талқылап, кішілерге жол сілтеп жүретін ардақты кісі. Бірақ ол кісі үйінде болмай шықты. Ол кісінің ауыл мешітіне кеткенін біле сала, сол жаққа іздеп бардым. Фарход ағайды Иқан мешіттерінің бірінде кездестірдім. Ол кісі ұлы ойшыл ақын А. Яссауидің хикметтерін, еңбектерін талдап және дәріптеп жүр екен, тыңдап ерекше күйде болдық. «Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар» демекші мешіттеФарход ағаймен бірге Х.А.Яссауи мектебінде 20 жыл бойы оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарған Усманқулов Абдурахмон ағайды және «Иқан» мәдениет үйін көп жылдар бойы басқарған Аббасов Ирисқул ағайды жолықтырдым. Мен ол кісілерге келген мақсатымды айыттым.Олардың жүзі бал-бұл жайнап, менімен қуана сұхбаттасып кетті. Усмакулов Абдурахман ағай: «Сенің мақсатыңды түсіндік, біз саған мектепте жүрген кездегі есімізде қалған ұстазымыз айтып берген бір оқиғаны әңгімелеп берейік»,-деп, сөзін бастап кетті. Бұл оқиға 1954-1955 жылдары болған. Мектепте пионер вожатый (тәлімгер) болып жұмыс жасаған Муслимбек Абдувахабов мектеп тарихында үлкен із қалдырды. Ол кісі негізі мұғалімдерден, қалғанын ауыл адамдарынан өнерге жақын жандарды жинап, ансамбль құрайды. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей біліммен ғана шектеліп қалмай өнер жолын дамытады. Құралған топ ауыл-ауылды жаяу аралап концерт қояды.
Содан Түркістан қаласына концерт беруге бару керек болады, бірақ оған баруға көлік, яғни, ат арба таба алмайды. Амал жоқ, музыка аспапта-рын, киімдерін, керек тамақтарын алып жаяу жолға шығады, қала берсе араларында бір әнші келіншектің 1,5-2 жас шамасында баласы болады. Оны тастап кете алмағандықтан оны да ала жүреді. Келіншек шаршаған соң ауысып арқалауға тура келеді, сонда алма-кезек ауысып жүргенде кезек Файзулло ағайға келгенде бала жылай береді екен, сөйтсе ол кісі қулық жасап баланы шымшып алады екен, оны байқаған біреуі басқаларына айтып, әжуалап күліп жүріп Түркістанға қалай жетіп қалғандарын да байқамай қалған екен. Топтың құрамында болғандар: Арабхон, Тожи, Ирсой, Файзулло, Мархабо, Турди апалар.
1955 жыл
Қала көлемінде тамаша өнер көрсеткен бұл топ республикалық байқауға шақырту алады. Содан Алматының төрінде мектеп ұстаздары және ауылдан шыққан өнерпаздар көрермендерді дүр сілкіндіреді. Бұндай өнер ерекше бағаланып, облыстық мақтау қағазымен марапатталады.Ол заманда ауыл ұстаздарының республикалық байқауларға қатысуының өзі ерекше оқиға болатын. Ол аудан көлемінде бір-ақ рет болды.
Бұл істе Абдувахабов Муслимбек ағайдың еңбегі ерекше. Сол кісінің талабының арқасында көп жетістікке жеткені көрінеді. Қазіргі күнде Муслимбек ағайдың жазып қалдырған халық әндері және өлеңдері күнделігінде сақталғандығын айтты. Аяулы ұстаз күрсіне отырып әңгімені аяқтайды. Мына сурет 1955 жылы топ мүшелерінің және М.Абдувахабовқа облыстық мәдениет басқармасы тарапынан берілген грамота.
40 жылдың еңбек өнімі бар, қазіргі таңда зейнеткер Ходжаев Вохид ағай бір оқиғаны әңгімелеп берді. Бұл оқиға 1990 жылдың мамыр айында болды.Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасында бірлесіп өткізілген семинар болатын. Бұл семинар екі Республиканың бірінші татулығын білдіретін және білікті ұстаздардың білікті әдісі еді. ӨзССР дан ғылыми зерттеу институтынан және мектептен педагогтар келген. Семинарда өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдукаримова Камила апай Абдулла Қаххордың «Ұры» әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өтті. Орыс ғалымы, педагогі Иванов әдісін үйреніп және республикалық деңгейде кеш ұйымдастырылды. Кешті 11-сынып оқушылары А.Абдазимов және Х.Бабашевалар жүргізді. Онда кеш көрермендері болмады, қайта көрермендер кешті бірге қатыса отырып өткізді. Өткізілу деңгейі өте жоғары болды. Міне, осындай ұстаздардың дайындаған шәкірттері мұғалімдер семинарындағы кешті еркін жүргізіп көпшіліктің алғысына бөленген сол жастар,яғни Абдазимов Азиз бүгінгі таңда Ташкент Педагогика Институтының аспирантура бөлімінің бастығы, ал Бабашова Хусниобод Яссауи атындағы мектептің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары болып қызмет атқаруда. Бұрынғы кеңес одағының кезіндегі ҚазССР және ӨзССР тарихында өткізілген ерекше Республикалық семинар болып жазылды. Бұл семинар екі мемлекет арасында татулықты, бірлікті, ауызбіршілікті көздеген еді. Қандай жағдайда болса да ұстаздардың мақсаты болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындату еді.
1993 жылға дейін мектебіміз Ю.А.Гагарин атында болатын. Сол кездегі мектептің директоры Шамухтаров Зайниддин ағайдың қалалық білім бөліміне, қала әкіміне және Алматы қаласына өтініш жасап, көп ізденіп еткен еңбегінің арқасында мектебімізге 1993 жылы түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны Х.А.Яссауи бабамыздың есімі берілді. Осындай ұлы тұлғаның атымен аталғанына бәрімізде қуанышты болдық және оның ілімін, хикметтерін білуді өз парызымыз деп білдік. Осыған орай өзбек тілі маманы, жоғары санатты мұғаліміміз Абдукаримова Камила апай «Яссауи және сопылық» тақырыбында қалалық педоқуда баяндама оқып I орынды иелеген болатын.
Яссауи ілімін үйрену мектеп ішінде тоқтап қалды. Бірақ, зейнеткер ұстаз, әдіскер мұғалім, халықаралық психология пәндер академиясының академигі Фарход Рахимов Яссауи хикметтерін, өлеңдерін үйренуін,зерттеулерін тоқтатпады. ЮНЕСКО шешімімен 2016 жылы «Яссауи ілімін үйрену» тақырыбынды семинар өткізу жоспарланды.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші 1989-90 жылдары Ф.Рахимовтың бастамасымен 11-«А»сынып оқушылары ауыл-ауылды аралап концерт берген болатын. Сол концерттен түскен ақшаны жинап оқушылар Өзбекстан Республикасының Қоқан қаласына үш күнге экскурсияға барған болатын. Өз еңбегімен тапқан ақшасымен бір сыныптың оқушылары экскурсияға бару, бұл ерекше айтарлықтай жағдай. « Өз еңбегімен тапқан нан- әрқашан тәтті» демекші сол бір сәт оқушылардың есінен әлі кетер емес.
2012 жылы 13желтоқсанда Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті басшылығымен Оңтүстік Қазақтан облыс әкімшілігі білім басқармасының №23 кәсіби лицей тарапынан ұйымдастырылған конференцияға мектеп мұғалімдері қатысты. Ол «Қазақстан-2030»: Мемлекеттің болашақта тұрақты даму парадигмасы» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция болды, онда мектебіміздің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары А.Абдурахманов, Х.Бабашова, өзбек тілі пәні мұғалімі К.Абдукаримова, технология пәні мұғалімі Ж.Сулайманов, ағылшын тілі пәні мұғалімдері М.Турсунова және Ш.Рахимовтар баяндама оқыды. Халқара ғылыми теориялық конференцияға қатысу мектеп мұғалімдері үшін үлкен мәртебе болды. Конференцияға Нұр отан ХДП-ның Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғ.Рысбеков мұғалімдерді белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапаттады. Университеттің ұйымдастыруымен өткізілген конференцияға қатысу мектеп тарихындағы ерекше оқиғалардың бірі болды.
Б.Ташбаев мектеп директоры болып жұмыс істеген кездерінде «Адамзат үшін керегі білім, ал білім алу үшін тәрбие керек. Білім мен тәрбие бір -бірімен тығыз байланысты» деген пікірді үнемі жадында ұстайтын.
Мектеп директоры болып жұмыс атқарған З.Шамухтаров: «Бұл өмірде мен қандай жетістіктерге жеткен болсам, тек қана мектеп ұжымының жетістіктері арқылы жеттім. Ұжымның жетістігі – менің жетістігім», - деп көп айтатын.
Мектебіміздің ардагер ұстазы А.Абубакиров мектеп ұстаздарына арнап:
Ұстаз болсаң,
Болсын білімің,
Балаға сай болғандай.
Ұстаз болсаң,
Болсын тәртібің,
Үлгі етерліктей.
Ұстаз болсаң,
Сені шәкірт
Ықыласпен тыңдаса.
Түсінбесе де сабақты ол,
Шыншылдығын түсінсе.
Ұстаз болсаң Әл Фарабидей
Ұлы ұстаз бола біл.
Халық ішінде абырой тауып
Құрметті болып жүре біл, - деп ол мұғалімдерді білімділікке, шыншылдыққа күштілікке, ұлылыққа шақырды.